«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АРДОС-ЖҮРЕК” ТҰРМЫС ТАУҚЫМЕТІН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмира ЖАҚЫПОВА,

“Даму” қоры АҚ-ы облыстық филиалының менеджері.

“Даму” қоры АҚ-ның облыстық филиалы 1-ші топтағы мүгедек, “Даму-Көмек” бағдарламасына қатысушы, “АРДОС-Жүрек” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Ақжан Кәрімнің бастамаларына қолдау білдіруде.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің түлегі Ақжан Кәрім негізін қалаған “АРДОС-Жүрек” қоғамдық бірлестігін құрудың негізгі мақсаты әлеуметтік қорғау тиімділігін арттыру және ерекше мұқтаждығы бар жандарды оңалту болып табылады. Бүгінде “Даму” қоры облыстық филиалының қызметкерлері жастар ұйымдарымен достық тығыз байланыс орнатып, соның нәтижесінде өңірдің жастар кәсіпкерлігін дамыту жөнінде бірлескен шаралар өткізуде. Соған байланысты қор филиалы “АРДОС-Жүрек” қоғамдық бірлестігімен тығыз әріптестік орнатуды жоспарлауда, оны бастамасы ретінде қор бірлестіктің көшбасшысына USB модемін сыйлады.

Ақжан жүріп-тұруының қиындығына қарамастан, мектеп бітіріп, жоғары білім алды. Оның мақсаткерлігі, өмірге ұмтылысы, тамаша мінезі мен ақылы және достары мен жақындарының қолдауы бұл істе оған көмектесті. Ал оның таланты жайында көптеген шығармашылық байқаулардағы жеңістерінің өзі-ақ айтып тұр, солардың бірі – “Алтын қалам” байқауы, Ақжанның өршіл жырлары Астана қаласында өткен республикалық байқауда да танылды.

Бүгіндері “АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігі қалада бірқатар акциялар өткізді, соның ішінде “Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!” акциясы, жас мүгедектерге арналған. Сол сияқты жуырда қалада бірлестіктің бастамашылығымен мүгедектердің тұрмыс қажеттілігі нысандарына және көлік инфрақұрылымына қолжетімділігін зерттейтін мониторинг жүргізілді. Алайда, оның қорытындысы көңілден шығарлықтай болған жоқ, зерттелген 71 тұрмыс қажеттілігі нысандарының тек 8-інде ғана қоларбалы мүгедектер үшін толық қолжетімді жағдай жасалған.

– Мүгедектердің тұрмыс жағдайлары туралы неғұрлым адамдар көбірек біліп, оларға көмек қолын созуға ұмтылса, соғұрлым оларды ұғыну жеңіл және проблемаларын жылдам шешуге болады, – дейді Ақжан. Жоғарыда аталған шараларды өткізу қоғамның оған назарын аударады, ерекше мұқтаждықтағы жандардың ауыртпалығын жеңілдетеді. Бірлестік жетекшісінің ойынша, волонтерлық институтын дамыту қажет. Ол үшін жастарды еріктілер қатарын толықтыруға шақырады. “Даму” қоры филиалы мүгедектер бірлестігімен бірге одан әрі ынтымақтаса отырып, мүгедектердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға байланысты бірлескен акциялар мен іс-шаралар өткізуді көздейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp