Алла тағаланың мұсылмандарға бұйырғаны – мұқтаж жандарға көмек көрсету, қамқорлық жасау. Осы қағиданы ескере отырып, “Қызылжар” орталық мешіті өңіріміздің құрметті азаматшалары Сәуле, Нурия апайларымызбен бірлесе отырып, қаламыздың жетім-жесірлерге, мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің балаларына дастарқан жайып, ас берді. Балалар дән риза болып, өз алғыстарын айтты. “Қызылжар” орталық мешітінің найб имамы Руслан Қайыргелді келген балаларға мешіттің ішін көрсетіп, асыл дініміздің шарттарымен таныстырды, уағыз-насихат айтып, қойылған сауалдарға толыққанды жауап берді. “Жетім көрсең, жебей жүр” дегендей, ана махаббаты мен әке шапағатынан мақрұм қалған балалардың бұл күні жүздерінен күлкі, көздерінен шаттық байқалды. Тәрбиешілері де балалардың қуаныштарына ортақтасып, мешіт ұжымына, Сәуле, Нурия апайларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Шараны “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы Қайыргелді Руслан Құран аятымен аяқтап, келем деушілерге мешіт есігі әрдайым ашық екенін айтты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 19.11.2024
- 0 қаралым
- 19.11.2024
- 0 қаралым
- 19.11.2024
- 0 қаралым
- 15.11.2024
- 16 қаралым
- 15.11.2024
- 5 қаралым