«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРДЫ! Ел құрамасының қоржынында – 4 алтын, 2 күміс, 2 қола

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

26 қазанда Алматыда бокстан әлем чемпионатының финалдық ойындары өтті. 

Дүбірлі доданың ақтық сынына 10 қазақстандық боксшының алтауы сүрінбей жетті.  

49 кило салмақтағы Біржан Жақыпов алжирлік Мохамед Флиссиді ұтып, чемпионаттың алғашқы жеңімпазы атанды. 64 кило салмақта бақ сынаған Мерей Ақшалов кубалық Ясниер Лопес Толедоны 3:0 есебімен қапы қалдырды. Ринг төріне ақтық сында бесінші боп көтерілген команда капитаны Данияр Елеусінов (69 кг.) кубалық Ариснойдус Деспайнды 3:0 есебімен жеңіп, құрама қоржынына үшінші алтын медальды салды. Жәнібек Әлімханұлы (75 кг.) ирландиялық Жасон Куиглейді алғашқы раундта нокдаунға түсірді. Сөйтіп, 3:0 есебімен жеңіске жеткен Жәнібек құрама қоржынына төртінші алтын медальды салды. Әділбек Ниязымбетов (81 кг.) кубалық Хулио Перезадан жеңіліс тауып, күміс медальді қанағат тұтты. Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко ел қоржынына екінші күміс медальды салды. Ол әзірбайжандық Могамедрасул Меджидовті алғашқы 2 раунда 20:18 есебімен жеңіп тұрып, 3-раунда қарсыласының сәтті бір соққысынан кейін нокаутпен жеңілді.

Бокстан әлем чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов AIBA-ның биылғы жылғы “Үздік жаттықтырушысы”, Данияр Елеусінов “Үздік боксшы” атанды.

Қазақстан құрамасы – 4 алтын, екі күміс, екі қола медальмен жалпыкомандалық есепте І орынға көтерілді.

(Өз тілшімізден).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp