Петропавлда дәстүрлі діндер өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесуге “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы Руслан Қайыргелді, сондай-ақ Петропавл және Булаево епископы Гурий Шалимов, Римкатолик шіркеуінен Дариуш Пашинский да қатысты. Жиынның басты тақырыбы – дінаралық, конфессияаралық келісімді сақтау, оны жүзеге асырудағы атқарылып жатқан іс-шаралар және қазіргі қоғамда өзекті мәселелерге діннің көз-қарасы мен тигізер септігі.
Кездесу барысында дін өкілдері сындарлы сұхбат құрып, елімізде ынтымақтастық пен толеранттықты алға қойған Елбасының саясатын қолдап, бүгінде 21 жыл бойы аталып келе жатқан Рухани келісім күнінің көпэтносты, көпконфессиялы елімізде тыныштықтың орнауына тигізер әсері мол екендігін атап өтті. Руслан Қайыргелді өз кезегінде: “Бүгінгі күні елімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген ұлт пен ұлыстар тату-тәтті, ынтымақ пен бірлікте тұрып жатыр. Бұл Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында”, – деп өз ризашылығын білдірді.
“Қызылжар” орталық мешітінің
баспасөз қызметі.