«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ АДАМ АЖАЛ ҚҰШТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазанның 27-сі күні таңғы тоғызда “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі” ММ өрт байланысы орталық пунктіне облыс орталығындағы Жұмысшы кентіндегі тұрғын үйдің өртке оранғаны жайында хабар түсті. Өртсөндірушілер оқиға орнына жедел жеткенімен, екі адамның өмірін құтқару мүмкін болмады.

Минск көшесіндегі 11-ші үйден шыққан жалынды ауыздықтауға Петропавл гарнизоны №4 өрт бөлімінің 4 техникасы және 20 қызметкері, сондай-ақ Оңтүстік-Орал темір жолы Петропавл бөлімінің ведомствоаралық өрт командасы бөлімшесінің 1 көлігі және 3 маманы жұмылдырылды. Алайда, өртсөндірушілер келген уақытта тілсіз жау күшейіп алған болатын. Дәлізден жалын шарпып, терезелерден қою қара түтін шығып жатты. Ал үй ішінен 1962 жылы туған үй иесінің және оның туысының мәйіттері табылды. Оларды құтқару мүмкін болмады.

Үй ішінен газ баллоны сыртқа шығарылды. Өртті толық сөндіруге 11 сағаттан артық уақыт жұмсалды. Оның шығу себептері және материалдық шығын мөлшері анықталу үстінде. Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында өрттің кесірінен 45 адам көз жұмды. Оның 7-еуі – балалар.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp