«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР ҒАНА ЖИНАЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының 28 қазандағы жедел деректері бойынша, соңғы бір аптадан бері дәнді дақылдар жинауда ешқандай өзгеріс жоқ. Бұрынғысынша 3487,8 мың гектардың астығы жиналған, ол егін алқабының 97,6 пайызын құрайды. Бастырылған ырыс дәні – 5113,1 мың тонна, орташа гектар шығымдылығы 14,7 центнерден айналып отыр. Өткен жылы осы кезеңде танап берекелігі 13,0 центнерді құраған болатын.

Астық шығымдылығы жағынан М. Жұмабаев, Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар – алда, олар сәйкес түрде гектар басы 17,0, 16,9 және 16,4 центнерден өнім алды. Гектарынан 11,1 центнерден ғана астық жинап жатқан Тимирязев ауданы – көш соңында.

Майлы дақылдар жинауда ғана аздап ілгері басушылық бар. Атап айтқанда, оның 396,3 мың гектары немесе 90,2 пайызы шабылып, 318,0 мың гектары немесе 72,4 пайызы жинап алынды. Мұнда танап шығымдылығы орта есеппен 12,2 центнерді құрап отыр.

Облыс бойынша тұқым қоймасына 510,0 мың тонна астық құйылып, келер егіске жетерлік қор жасалады.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp