«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Самат ЕСМАҒИ,

журналист.

Облыс орталығында кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің алғашқы мәжілісі өтіп, жиынға өңір басшысы Самат Ескендіров, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов қатысты.  

Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласында Үкіметтің және “Атамекен Одағы” Ұлттық экономикалық палатасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы бірлескен шешімі қабылданған болатын. Аталған ұйымның өңірдегі филиалы қазанның 21-інде тіркеліп, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің құрамы бекітілді. Палатаға аудандардан – 13, облыс орталығынан 20 кәсіпкер кірді. Алқа отырысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдына қойылған міндеттер ескеріле отырып, елімізде қолайлы бизнес ахуалын қалыптастыру мәселелері төңірегінде әңгіме өрбіді.

Абылай Мырзахметов облысымызда енді құрылған кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мүддесін қорғау және бизнестің дамуына себепші болуы тиістігін атап көрсетті.

Отырыс соңында облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы сайланды. Бұл міндетті атқару “ПАМЖЗ” акционерлік қоғамының жетекшісі Қуаныш Бишімовке жүктелді. Оның кандидатурасын кеңес мүшелері бірауыздан мақұлдады.

– Үлкен сенім артқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Өңіріміздегі бизнес саласының дамуына, шағын және орта кәсіпкерлік саласын өркендетуге күш-жігерімді жұмсауға уәде беремін. Ол саланы Сіздермен бірлесе отырып жаңа белеске көтеретінімізге сенім мол, – деді төраға.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Самат Ескендіров елордалық мейманға алғысын білдіріп, оған өңір кәсіпкерлерінің атынан картина сыйлады.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp