«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ!” – десті кездесуге қатысушылар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлықпен күресте ҚР ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің қоғамдық ұйымдармен өзара әрекетіне үлкен мән беріледі. “Сыбайлас жемқорлықты бірге жеңеміз!” – осындай ұранмен И. Шухов атындағы қалалық кітапханада қоғамдық ұйымдардың өкілдері және облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен “дөңгелек үстел” өтті.

Бейнегүл ТҰРАЛИНОВА,

СҚО ТЖ департаменті кадр жұмысы

бөлімінің инженері.

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының өкілі Айгүл Қуандықова өткен жылдардағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және қылмыстар туралы талдау жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті барлық қоғамның күшін қосып жүргізу қажеттігін атап өтті.

“Қазақстанның Азаматтық Альянсы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Худяков қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамаға, мемлекеттік органдармен тиімді диалогты қамтамасыз етудегі қоғамдық ұйымдардың мәні мен рөліне аударды. Сондай-ақ бақылау-тексеру шараларына қатысты сұрақтарға жауап берді.  

Осы шараны өткізу барысында кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері инспекторлық құраммен әңгіме жүргізді. Онда коррупционердің психологиялық кескіні бейнеленді, осы әлеуметтік құбылыстың себептері аталды, шетелдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына талдау жасалды. Сондай-ақ қызметкерлердің өзін-өзі бағалауына, олардың моральдық қасиетін анықтауға бағытталған анонимдік психологиялық тестілеу жүргізілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp