«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАРДЫ ОТПЕН ОЙНАМАУҒА ШАҚЫРДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Юрий ГАЛЫГИН,

облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аумақты, тұрғындарды қорғау, даярлау және оқытубөлімінің бастығы.

Тұрғындарды және басшы құрамды бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындау және оқыту Азаматтық қорғаныстың ең басты да маңызды міндеті болып табылады.  

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары үстіміздегі жылдың 9 айында облыстың 5 ауданында 551 әртүрлі санаттағы мамандарды оқытты. Олардың ішіндегі жалпы тыңдаушылардың 320-сы басшы және командалық құрамға жатады.

Жыл сайын жалпы білім беру мекемелерінде үйде, мектепте, далада және табиғатта төтенше жағдайдағы қауіпсіздікке үйрету мақсатында интерактивті сабақтар өткізіледі. Әрбір жаңа оқу жылында Азаматтық қорғаныс басқармасы мамандары жоғарыда аталған сабақ өткізу жоспарын жасап, ол облыстық Білім беру басқармасымен келісіледі.

2013-2014 оқу жылының жоспарына сәйкес облыстың мектеп оқушыларына үстіміздегі жылдың қыркүйегінде “Балалардың отпен ойнауы. Оқу мекемелерінде өрттің алдын алу” тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Оқу жылының басынан бері барлығы 9 интерактивті сабақ ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp