«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЕСІЛІМІЗ” ЕСЕ ЖІБЕРІП АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық сайыстары өтеді. Бұған дейін онда 16-23 қазанда ширек финалдық ойындар өткен болатын. Үздік шыққан “Конденсат-Жайықмұнай” (Орал), “Алматы”, “Павлодар” мен “ТНКҚазхром” (Хромтау) командалары жартылай финалға шықты. Өз қарсыласын ұтқандар келесі күні ақтық сында ел кубогын сарапқа салса, жеңілгендер үшінші орынға таласады.

Ширек финалда алматылықтар 3:1 есебімен қарсыласын ойсыра ұтса, оралдықтар алаң иелерінен 2:3 есебімен жеңіліс тапқан болатын. Ал жалпы есепте оралдықтар 18 ұпаймен – бірінші, алматылықтар 16 ұпаймен – екінші, павлодарлықтар мен хромтаулықтар 14 ұпаймен 3-4-орынды өзара бөліскен еді.

Ал ширек финалда жеті кездесу өткізген солтүстікқазақстандық “Есіл” тек “ҰшҚынКазНАУ” құрамасынан басым түскенімен, өзге қарсыластарынан жеңіліс тапты. Сөйтіп өңір волейболшылары 6 ұпаймен 7-ші орында.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp