КӨПТЕН КҮТКЕН ҚОНЫСТОЙ Облыс орталығының “Береке” шағынауданында 175 отбасы жаңа пәтерге ие болды
Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавл қаласының “Береке” шағынауданында кешегі, сәрсенбінің сәтті күнінде 80 және 95 пәтерлік жалгерлік-коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, көп жылдар бойы баспана алушылар тізімінде тұрған қалалықтар қоныстой иелері атанды. Жалпы аумағы 9,4 мың шаршы метр бұл көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын “Основание” және “Альфа-Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері былтыр бастаған екен. Қоныстой иелерінің қуанышын …