2013 жылғы 28 қазан облыстық ТЖД Суда құтқару қызметінің 1-ші сыныпты сүңгуір-құтқарушысы Анатолий Логинов үшін есте қаларлық күн болды. Бұл күні облыстық ТЖД бастығы Павел Филиппов суда құтқару қызметінің ардагеріне “Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін” төсбелгісін салтанатты жағдайда табыс етті.
“20 жыл жұмыс істеген Анатолий Иванович 100-ден астам адамды ажалдан құтқарған. Ол өмірінің 1320 сағатын су астында өткізген. Қазақстан бойынша көптеген жарыстарға белсене қатысқан. Біз Сізді мақтан тұтамыз!” – деді ТЖД бастығы құтқарушыға марапатты табыстай тұрып. Ол ұжым атынан Анатолий Ивановичке алдағы жұмыста табыс тілеп, ҚР ТЖМ құтқару қызметі үшін жоғары білікті мамандандырылған кадрлар даярлау ісінде жақсы тәлімгерлік көрсеткендігін атап көрсетті.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.