«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУА РАЙЫ МҰРША БЕРМЕЙ ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күзгі жауын-шашын соңғы алқаптардың өнімін жинауға қолбөгесін болып тұр. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының 29 қазандағы жедел мәліметі бойынша, 3487,8 мың гектар алқаптың дәнді дақылдары бастырылды, бұл – жоспардың 97,6 пайызы. Орақ басталғалы 5113,1 мың тонна астық жиналды. Гектар берекелілігі 14,7 центнерден айналуда (2012 жылы 13,3 ц/га.).

Ең жоғары өнімділік М.Жұмабаев (17,0 ц.), Қызылжар (16,9 ц.), Ғ.Мүсірепов атындағы (16,4 ц.) аудандарда.

Ең төменгі өнім Тимирязев ауданында – 11,1 центнер.

Есепті кезеңде 396,3 мың гектар алқаптың майлы дақылдары дестеге түсірілді (90,2%), оның 318,0 мың гектары жиналды, яғни 72,4%. Орташа шығымдылық 12,2 центнерді құрауда.

Облыс бойынша 510,0 мың тонна немесе 100% тұқым құйылып алынды.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp