«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕМХАНАНЫ ТАҢДАУ – ӨЗ ЕРКІҢІЗДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Александр ЛЯРСКИЙ,

№1 қалалық емхананың бас дәрігері.

Еліміздегі денсаулық сақтау саласына бірыңғай ұлттық жүйені енгізу аясында 2013 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 15 қарашаға дейін емделуші медициналық мекемені еркін таңдап алу қағидатына орай алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымына бекіту науқаны жүргізілуде. Емханалық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, қала тұрғындарына мекенжайы немесе тіркелген жері бойынша медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аумақтық қағидат бойынша құрылады. Қала тұрғындары кем дегенде жылына бір рет еркін таңдау құқығын пайдалана отыра өзінің қалауы бойынша басқа емханаға тіркеле алады. Егер Сіз медициналық ұйымға тіркеліп қойған болсаңыз, оның жұмысына көңіліңіз толса, сондай-ақ биылғы тіркеу науқанының жұмысына қатыспаған болсаңыз, онда Сізді медициналық мекеме тіркелген емханаңызда қалдыруға құқылы.


2013 жылғы 15 қарашаға дейін ешбір мекемеге тіркелмеген емделушілерге медициналық көмек ақылы түрде болады. №1 қалалық емхана да тұрғындарды тіркеу жұмысын жалғастыру үстінде. Аталмыш емхана 54818 азаматты қабылдайды. Оларға білікті мамандар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетеді. Бізде стационарлық көмекті алмастыратын күндізгі стационар жұмыс істейді. Емхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Заманауи УЗИ және рентген аппараттары бар. Емханада сонымен қатар, жоғары қан қысымы, қант диабеті, жүрек ишемиясы ауруы бар науқас адамдарға арнайы сабақтар өткізетін мектеп жұмыс істейді. Негізгі мақсат – ұсыныстар берумен қатар, саламатты өмір салтын насихаттау.  

 

Емхана тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету бағытында жұмыс істейді. Осы ретте біз бар мүмкіндікті пайдаланып, аянбай еңбек етеміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp