«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛАҚЫ 7,8 ПАЙЫЗҒА ҰЛҒАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 76 355 теңгені құрап, 2012 жылғы қыркүйек айымен салыстырғанда 7,8%-ға ұлғайды, нақты көріністе 2,4%-ға өсті.

Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы Ғабит Мүсірепов атындағы (76 188 теңге) және Мамлют (73 821 теңге) аудандарында тіркелген. Тимирязев (70 791 теңге) пен Есіл (69 052 теңге) аудандарында біршама төмен.

Өңірлік бөліністе ауыл, орман және балық шаруашылығында барынша жоғары еңбекақы Мамлют (148 002 теңге), Жамбыл ауданының (95 046 теңге) жұмыскерлерінде атап өтілді. Өнеркәсіпте барынша жоғары төлемақы Есіл (82 631 теңге) және Қызылжар (82 289 теңге) аудандарында.

Солтүстік өңірдегі облыстар бойынша 2013 жылғы қыркүйек айында еңбекақы төмендегідей болды: Ақмола облысында – 79 174 теңге, Қостанай – 82 185, Павлодар облысында – 89 344 теңге, қаңтар-қыркүйек айларында – 76 976 теңге, 80 192 және 90 362 теңге сәйкесінше.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp