«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТҚА ОРАНДЫ үй де, шөп те, көлік те…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыс аумағында 553 өрт болып, одан сомасы 286 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 46 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 8-і – бала. 42 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. 

Өткен аптада 15 өрт оқиғасы тіркеліп, 2 адам өрт құрбаны болды.

Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылының тұрғыны ақауы бар пешті он жылдан астам уақыттан бері пайдаланып келген. Оның оттығы ағаш сәкінің үстіне орнатылып, екі аралық саз балшықпен сылана салған екен. Уақыт өте, оның арасындағы балшық түсіп қалған да, сәкі қатты қызудан жана бастаған. Жедел хабар алған өртсөндірушілер жіті қимылдап, отты бір жарым сағатта бұғалықтап үлгерді.

Өткен аптада солтүстікқазақстандықтардың шөп қоймаларында 6 төтенше оқиға орын алды. М.Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласында, Тайыншадағы Леонидовка, Жамбылдағы Казанка, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандағы Старые Пески, Аққайыңдағы Смирново ауылдарында қысқа әзірлеген шөп отқа оранды. Оған отты абайсыз пайдалану, балалардың отпен ойнауы және қасақана өрт қою себеп болған. Ал Тимирязев ауданындағы Ақжан ауылының тұрғыны өзінің кінәсінен тірнектеп жинаған 12 тонна шөбінен айрылып қалды. Ол мал жайлап жүріп, тартып жүрген темекісінің қалдығын шөп жанына тастай салған. Содан 40 минут өткен кезде, үйде алаңсыз теледидар көріп отырғанда, көршісі келіп, маясының жанып жатқанын хабарлаған.  

Петропавл қаласының Уәлиханов көшесіндегі 5 қабатты үйдің 1-қабатында орналасқан азық-түлік дүкенінде алдын ала болжау бойынша электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шыққан. От ошағы 40 минуттың ішінде жойылды.

Облыс орталығының Казахстанская правда көшесіндегі 2 қабатты мотельдің 1-қабатындағы саунадан от шығып, ішкі қаптамалары мен төбесі зақымданды. Өрт орнынан 7 адам мен 1 тұрмыстық баллон қауіпсіз жерге көшірілді. ТЖ-нің себебі анықталу үстінде.

Жамбыл ауданындағы Троицкое ауылында машина салонындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан “ВАЗ-2106” автомобилі өртенді. Петропавлдың Батыр Баян көшесіндегі №3 үйдің жанында тұрған “Ровер” автомобиліне белгісіз қаскүнемдер түн ортасында от қойған. Соның салдарынан көліктің қорабы зақымданып, салоны мен артқы доңғалақтары жанып кетті.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp