«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда волейболдан облыстық біріншілік өтті. 15-16 жасар спортшыларды іріктеу кезеңі 3 күнге созылды. Осымен 4-ші жыл қатарынан өткізілген додаға қала мен 7 ауданның спортшыларынан жасақталған 8 команда қатысты. 

Сайыс қорытындысы бойынша Қызылжар ауданының БЖСМ тәрбиеленушілері бірінші орынды жеңіп алды. Ал петропавлдықтар мен тимирязевтіктер екінші және үшінші орындарды еншіледі.  

Бұл сында үздік шыққандар қарашаның 3-10 күндері аралығында Петропавлда бастау алатын волейболдан ҚР күзгі біріншілігіне қатысу мүмкіндігін иеленді. 7 күнге жалғасатын тартысты додада спортшылар 3 жас ерекшелігі бойынша сынға түседі.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp