«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНАСЫНДАЙ ӘЙЕЛДІ ЗОРЛАҒАН жігітке қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Смирново ауылының тұрғыны – 51 жастағы келіншектің айтуынша, белгісіз ер адам оны көше бойы келе жатып, зорлап кеткен. Қаскөй Ленин ауылының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Сол күні күдікті достарымен бірге арақ ішкен. Ащы суға қызып алған жігіт түнге қарай аудан орталығы – Смирновоға келіп, әлеуметтік желі арқылы танысқан қызбен кездеспекші болады. Бірақ ер адамның ұялы телефонының бірлігі таусылып қалады. Сосын ол көшеде кетіп бара жатқан әйелді көріп, қуып жетіп, телефонынан қоңырау шалуды талап ете бастаған. Әйел адам қашып кетпек болғанымен, ер адамның соққысының астында қалады. Қараңғыда қолынан түсіп кеткен телефонын іздей бастаған кезде ер адам оған шап беріп, зорлап тастаған. Жәбірленуші бұдан кейін үйіне келіп, аула маңынан өтіп бара жатқан ауыл тұрғынынан “Жедел жәрдем” мен полиция шақыруды өтінген. Ер адам әлгі келіншекті зорлаған жерге қарай бара жатқанында басқа бір әйелдің ащы даусын естіген. Анықталғандай, мас жігіт жалғыз кетіп бара жатқан 16 жастағы қыз баланы да зорламақ болған. Аққайың АІІБ-нің аға тергеушісі Қайрат Қасеновтің айтуынша, уақтылы келген ауыл тұрғыны қызды күдіктіден айырып, полицейлер келгенше ұстап тұрған.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, яғни “Зорлау” және “Зорлауға қастандық ойлау” бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

 

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp