«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТ СПОРТЫ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен аптада Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында ат спорты маусымының жабылуы мен Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай атжарыс өтті. Сайыс барысында шабандоздар құнан бәйге (7000 м.), аламан бәйге (15000 м.), жорға жарыс (7000 м.) бойынша сынға түсті. 

Алғашқы 7000 метрлік жарыс жолында Артем Элинберг шапқан “Митцубиси” атты тұлпар мойын оздырып, бірінші болса, Берік Айтбаев (“Француз”) – екінші, Бауыржан Мұқышев (“Забир”) үшінші болып мәреге жетті.  

Бұдан кейінгі 2400 метрік шабысқа қосылған жүйріктердің ішінен Николай Бабичев мінген “Пит-Фейл” – бірінші, ал Әбдуәлі Нұрметов (“Лайт-Стар”) мен Қозыбай Алдабергенов (“Гайдамак”) екінші және үшінші болды. 15000 метрлік аламан бәйгеде “Ақтанау” сәйгүлігін мінген Фархат Жайлиевтың мерейі үстем болды. Бұл қашықтықта Қабыл Болатов (“Бахыт”) – екінші, ал Әділ Азбаев (“Чемпион”) үшінші орыннан көрінді. 3200 метр қашықтықта бақтарын сынаған төрт жастағы сәйгүліктер арасында Әбдуәлі Нұрметов мінген “Преферанс” топ жарды. Ал жорға жарыста Анна Тимошенконың “Богачка” есімді жүйрігі шашасына шаң жұқтырмай, бірінші келсе, Евгений Чибисов пен Павел Литвинов тиісінше екінші және үшінші болды.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp