«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ҚЫЗ жол бойынан табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тимирязев ауданында түнгі уақытта көше кезіп, адасып кеткен қыз бала табылды.

Бұл оқиға аталмыш ауданның Богдан Хмельницкий ауылында орын алған. 10 жастағы қыз бала құрбысының туған күнін тойлауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Ата-анасы қыздарының кешікенінен сезіктеніп, алаңдай бастаған. Туған күн иесінің ата-анасы мектеп оқушысының бұл үйден бір сағат бұрын кетіп қалғанын айтқан. Ерлі-зайыпты өздері туған-туыстарын аралап, қызды таба алмаған соң учаскелік полицей Дайыр Көбеевке хабарласқан. Мектеп оқушысын іздеуге АІІБ-нің тергеу-жедел тобы, жақын маңдағы ауылдардың учаскелік полицейлері, әкімдік қызметкерлері мен мұғалімдер шыққан. Ауылдан 8 км. қашықтықта жол бойында кетіп бара жатқан қызды “КамАЗ” көлігінің жүргізушісі Валерий Ершов байқап қалған. Ол бірер сағат бұрын учаскелік полицейден баланың жоғалғандығы туралы естіп білген. Жүргізуші жаяулатқан қызды көлігіне отырғызып, бірден учаскелік инспектормен хабарласқан. Абырой болғанда, сәби дін аман. Айтуынша, ол құрбысының үйінен шыққан кезде далада қатты жел болып, шамдары жарқыраған көрші ауыл жаққа қалай кетіп қойғанын өзі де сезбей қалған.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp