Облыстық гидрометеорология орталығының мәліметінше, облыс аумағында 1-2 қараша күндері арты қарға ұласатын жаңбыр жауады деп күтілуде. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін, кей жерлерде 28 метрге дейін күшейе түседі. Осыған орай СҚО ТЖД қалыпты өмір сүруді қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолдану қажеттігін ескертеді.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.