САЛИДАТ ҚАЙЫРБЕКОВАНЫ және…
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев ана мен бала өлімін азайту, сондай-ақ халықтың денсаулық деңгейін арттыру мен қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту жөнінде жүйелі шаралар қабылдау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Министр Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелері туралы әңгімеледі.