«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

… АСҚАР ЖҰМАҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады.

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру барысы, сондай-ақ көлік инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның әзірленуі туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуы мен азаматтарымыз үшін қажетті барлық көлік инфрақұрылымдарын жетілдіру мақсатында бағдарламаны әзірлеу кезінде кешенді көзқарастардың қажеттігіне назар аударды.

Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, әзірленіп жатқан бағдарламаға сәйкес, 2020 жылға дейін 30 мың шақырым автожолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, 260 сервис нысанын, қалаларда 10 автовокзал, аудан орталықтарында 50 автостанса және ауылдарда жолаушыларға қызмет көрсететін 216 қосын салу, сондай-ақ барлық темір жол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, әуежайларды қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Мемлекет басшысы министрге көлік логистикасының тиімділігін одан әрі арттыру және көлік инфрақұрылымдарын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ қаралған өзге де мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

(akorda.kz.).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp