«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДАН ТАЙҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖӘРДЕМДЕСУ – ювенальды әділеттің мақсаты осы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрғасы Бақыт Қасейінов 9 айдың қорытындысы бойынша және судьялардың VI съезіне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Есепті кезеңде мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған 78 қылмыстық істің 35-і кәмелетке толмағандарға қатысты болып отыр. Оның 29-ына қатысты сот үкімі шығарылған. Ал 3 жеткіншек бас бостандығынан айрылды. Олардың бірі 80 жастағы қарияға зорлық-зомбылық көрсетіп, мүлкін ұрлағаны үшін 3,6 жылға бас бостандығынан айырылса, тағы да 2 жасөспірім біреудің меншігін тонап, қоқан-лоқы көрсеткені үшін темір тордың арғы жағына тоғытылды.  

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудың кепілі – ювенальды әділет жүйесін дамыту мақсатында құрылған облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жұмысы былтырғы жылдың маусымында басталған. Аз уақыт ішінде қаралған істер, шешілген тағдырлар аз емес. Сот төрағасы Бақыт Қасейіновтің айтуынша, сот төрелігінің мақсаты – баланы қоғамнан айыру емес, оның қылмыстың құрығына ілініп кетпей, әлеуметтік оңалуына жәрдемдесу.

Баспасөз мәслихатында Жоғарғы сот төрағасының бастамасымен биылғы жылдың қараша айында өткелі тұрған Қазақстан судьяларының VI съезі жайы да сөз болды.

Жиын соңында төраға журналистердің сауалдарына жауап берді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp