«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ МОЛ, жөндеу жаңа технология бойынша жүргізіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары саласында жаңа инновациялық технологиялар енгізу “Қазақстан жолдары ғылыми-зерттеу институтының” әзірлемесімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі атап өткеніндей, аталмыш бағытта эксперименттік жұмыс жүргізілуде. Жаңа жол-құрылыс материалдары сынақтарын тестілеудің, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде аталмыш материалдарды қолдана отырып жасалған құрылыс және жөндеу жобаларын қараудың және келісудің оң нәтижелері жағдайында жаңа технологияларды енгізу басталады.

Бейбіт ИСМАНОВ,

облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Жөндеу бойынша жұмыс сапасы жекелеген конструкциялық элементтердің немесе автомобиль жолының белгілі бір учаскелерінде ақауларын жоюға және оларды бас мердігердің түзетуіне кепілдік мерзімдерімен (жөндеудің түріне байланысты) және банк кепілімен қамтамасыз етіледі. Осы элементке немесе автомобиль жолының учаскесіне кепілдік мерзімі ақауды жою жөніндегі жұмыс аяқталған сәтінен бастап қайта бекітіледі.

Облыс автомобиль жолдарының желісі 8998 шақырымды құрайды, оның 1468 шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар, 2427 шақырымы – облыстық және 5103 шақырымы – аудандық маңызы бар, асфальт төселгені – 4489 шақырым, қиыршық құм төселгені – 2625 шақырым және 1884 шақырымы көтерме жолдар.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына 2013 жылы сомасы 5 469 188 мың теңгенің қаржысы жоспарланды, бұл 2011 жылғыдан (2 411 430 мың теңге) 2,2 есе артық және 2012 жылғыдан (2 937 380 мың теңге) 1,8 есе көп.

Осы мақсатқа 2013 жылы тек республикалық трансферттердің өзі 2 834 573 мың теңгені құрады, ал облыстық бюджет 2 634 615 мың теңге бөлді.

Үстіміздегі жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 4 млрд. 379 млн. теңге бөлінді, соның арқасында 9,4 шақырым жолға қайта жаңғырту, 24,7 шақырымға күрделі жөндеу және 2 су өткізу құбырларын салу, 58,3 шақырым жолға орташа жөндеу және жалпы аумағы 253 025 шаршы метр жолға маршруттық әдіспен ой-шұқырын жөндеуге мүмкіндік берді.

Аудандық автомобиль жолдарының жөндеуге сомасы 1 089 475 мың теңге қаржы бөлінді, соның ішінде “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы аясында төртінші бағыт бойынша (ауылдық елді мекендерді дамыту) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына ағымдық жөндеу жүргізу және күтіп ұстау үшін республикалық бюджеттен 491 257 мың теңге жұмсалды. Осы бағдарламаның арқасында 273 адам жұмыспен қамтылды.

Екінші жартыжылдықта аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының орта және ағымдық жөндеулерін жүргізу үшін шартты қаржыландыру бойынша бағдарлама аясында 319 234 мың теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 287 311 мың теңге, ал облыстық бюджеттен 31 923 мың теңге қаржы жұмсалды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде 167 адам жұмысқа тартылды.

Міне, осылардың бәрі – Елбасы тапсырмаларына сәйкес халық игілігі, ел экономикасының күре тамыры болып саналатын автомобиль жолдарын тәртіпке келтіру және сапасын жақсарту үшін жасалып жатқан игі істер.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp