Өртсөндірушілер жеке сектордағы өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесіне жіті назар аударып, тұрғындар арасында алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында әр апта сайын рейд өткізуде. Өйткені, осы мезгілде үй пештері күнделікті пайдаланылып, ал қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан өрт оқиғалары жиі орын алып жатады. Жақында төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар Бензострой шағынауданының тұрғындарымен жолығып, оларға пешті пайдаланарда өрт қауіпсіздігінің ережелерін түсіндіріп, ақауларды жөндеудің қажеттілігін айтып, тақырыптық жаднамалар таратты. Жақында Халтурин көшесіндегі тұрғын үйде қараусыз қалған пештен өрт шығып, соның салдарынан бөлменің іші отқа оранған болатын. Өртсөндіруші мамандар жапа шеккендердің үйіне барып, олардың халжағдайларын сұрап білді.
Суық айлар әлі алда. Сондықтан пешті пайдаланар алдында міндетті түрде түтін мұржаларын тексеріп, жанулы пешті қараусыз қалдырмаған жөн.
Петропавл қаласы ТЖБ.