«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗДЫ ЗОРЛАП, ҚАМАУДА ҰСТАҒАН қылмыскерлер қолға түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 19 жастағы бойжеткенді зорлады деген күдікпен екі азаматты қолға түсірді. 

Қала маңындағы ауылдардың бірінде тұратын әйел 19 жастағы қызының жоғалғандығы жөнінде полиция бөлімшесіне арызданған. Оның айтуынша, бойжеткеннің Петропавлда жүріп, хабарсыз кеткеніне бір апта уақыт өткен. Полиция қызметкерлері ұйымдастырған жедел іздестіру шараларының нәтижесінде құрсаудағы қыз пәтерден табылды.

“Іздеуде болған бойжеткен Петропавлдағы пәтерлердің бірінде тұрақтаған. Тергеу барысында анықталғандай, бір топ бұзақылар оны пәтерде күшпен ұстап келген. Сонымен қатар, бұзақылар оны зорлап, бас бостандығынан айырып, жезөкшелікпен айналысуға итермелеген”, – деді Петропавл қаласы ІІБ-ның аға тергеушісі Жанат Аманжолов.

Арада аз уақыт өткен соң үш күдіктінің екеуі қолға түсті. Олар 1979 және 1987 жылы туған Петропавл қаласының тұрғындары болып шықты. Біреуі бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін істі болған. Бұл азаматтар жәбірленушімен оның жалдап тұрып жатқан пәтерінде танысқан. Қаскөй жігіттер бойжеткенді жәбірлеп, зорлаған сәттерін телефон бейнекамерасына түсіріп алған.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp