«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КИКБОКСШЫЛАР КУБОКТЫ САРАПҚА САЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазан айының соңғы жұлдызында Петропавлдағы “Бокс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің залында кикбокстан Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынатын жарыс жалауын көтерді. 

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Есіл өңіріне тоғысқан спортшыларға ашылу салтанаты үстінде облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық бокс және кикбокс федерациясының президенті Айдарбек Сапаров құттықтау лебізін арнап, жарысты ашық деп жариялады.

Кикбокстан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Қайрат Смағұлов жарыс жеңімпаздарының үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Түркияда өтетін әлем кубогында ел намысын қорғайтын құрамаға қабылданатынын жеткізді.

Сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген 120 кикбоксшы қатысуда.

Әділ Нұржауыпов басқаратын біздің құрамада жиырма кикбоксшы шаршы алаңға шығады.

Жеңімпаздар 3 қарашада анықталады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp