Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады.
Нұрсұлтан Назарбаев ана мен бала өлімін азайту, сондай-ақ халықтың денсаулық деңгейін арттыру мен қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту жөнінде жүйелі шаралар қабылдау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Министр Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелері туралы әңгімеледі.
Мысалы, 2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, 2012 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, ана өлімі – 24%-ға, бала өлімі – 17%-ға, қан тамыры жүйесі ауруынан болатын өлім – 6%-ға, жаңа пайда болған қатерлі аурулар – 4%-ға, туберкулез ауруы 23,6%-ға төмендеген.
Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев ұлт денсаулығын нығайтуға және бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірнеше нақты тапсырма берді.
(akorda.kz.).