«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЛТЫН ЖҮРЕКТІҢ” ИЕГЕРІ – жерлесіміз Тұяқ Есқожина

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Өткен аптада дәстүрлі “Алтын жүрек” ұлттық қоғамдық сыйлығының 2013 жылғы иегерлері анықталды. Қоғамда қайырымдылық қызмет атқарып, адамзат үшін қалтқысыз еңбек етіп жүрген жеке және заңды тұлғаларды он бір аталым бойынша марапаттау рәсімі биыл сегізінші жыл өткізілді. Биылғы Атымтай жомарттар қатарында Есіл ауданындағы Ақтас ауылының тумасы, бүгінде Алматы облысының Талғар қаласындағы отбасылық үлгідегі “Нұр” қайырымдылық балалар үйінің директоры Тұяқ Есқожина да бар. Ол “Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін” аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Аталмыш балалар үйін Тұяқ Есқожина жұбайы Әнуарбек Байсаринмен бірге 1998 жылы ұйымдастырған болатын. Олар содан бері бір шаңырақтың астына 110 баланың басын қосып, өздерінің генетикалық ата-аналары бермеген жан жылуын дарытып, тәрбиеленушілерге балалықтың бал дәуренін көрсетіп келеді.  

Ұрпақ тәрбиесіндегі қиындықтарға еш мойымай, барлық ауыртпалықты еңсере білген Тұяқ Қаскенқызы бүгінде нағыз ардақты ана атанып отыр.

Осындай ерен еңбегі ескерілген Тұяқ Есқожинаның “Алтын жүрек” сыйлығына лайық деп танылуы қызылжарлықтар, әсіресе, оның туып-өскен жері Есіл ауданындағы Ақтас ауылының тұрғындары үшін де үлкен мақтаныш.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp