«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКБАЙРАҚТЫ ЖЕЛБІРЕТТІҢ ТАҒЫ ДА! Геннадий Головкиннің Нью-Йорктегі жеңісіне

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі.

Айқастары аяқталып жеңіспен,
Абыройға қол жеткізген ең үстем.
Шаршы алаңға тағы
шықты Головкин
Соққылары жойқын
күшті, келіскен.


Жеңіп алып “Топжарғанның”
атағын,
Бастап жүр ол
мықтылардың қатарын.
Тағы шықты қарсыластан
қаймықпай,
Жамылып ап қазағының
шапанын.

Шүберекке түюлі ғой жанымыз,
Теледидар алдындамыз бәріміз.
“Әкем – орыс, анам – корей,
мен – қазақ!”
Дегеніне тасып еді қанымыз.

Ризалықтан тұра ма қан тасымай,
Қайран, Гена, жарқылдаған
жасын-ай!.
Қарсы шыққан жойқындарын
бокстың
Ұрып жығып, жүрсің мысын
басып-ай!

Жүргендіктен бермей әсте
төріңді,
Көз үйренген байқап жүріп
соныңды.

Бірақ мына Стивенс өзгеден
Осал емес, жойқын
болып көрінді.

Мойын бұрмай шар болаттай
шағыңда,
Сенімдісің, сынар емес сағың да.
Бүкіл АҚШ өз ұлына тілеулес,
Америка – Стивенс жағында.
Осы сәтте, діріл қағып буын нақ,
Сыйынумен отыр едік шырылдап.
Бірақ сенің қас-қабағың
селт етпей,
Қос жұдырық шойындай
боп түйілді-ақ.

Таразыға тартылғандай
тағы үміт,
Сілтенеді қос жұдырық
жанығып.
Ұрып жығып менменсіген
мықтыны,
Шыға келдің Көкбайрақты
жамылып!

Туған ұлсың қазағыңның
бағына,
Тұла бойдан ер намысы
табыла.
Көзайым боп барша әлем
жұртына,
Көкбайрақты желбіреттің
тағы да!

Таусылмасын нақ
осылай жеңерің,
Аса берсін амал, айла, өнерің.
Төбемізді тигізеді аспанға
“Мен – қазақтың баласымын!”
  дегенің!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp