«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚ ӘЙЕЛДІҢ ОЙЛАҒАНЫ іске аспады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар күдікті әйелді қамауға алды.

“Алтын Арман” базарында орналасқан дәмханалардың біріндегі отырыс кезінде Петропавл қаласының тұрғыны алаяқ әйелге алданып қалып, телефонынан айрылған. Анықталғандай, ерлі-зайыптылар дәмханаға келіп, бір мерекені атап өтпек болған. Сол кезде олармен 25 жастағы екі бойжеткен танысып, әңгімелесе кеткен. Қыза бастаған жайлы отырыс барысында ақшалары таусылып қалған жәбірленушілер 2 жарым мың теңгеге қарызға кіріп, кепіл ретінде кассаға қымбат “Самсунг Галакси” ұялы телефонын қалдырып, банкоматтан ақша алу үшін шығып кеткен. Осы сәтті пайдаланған қыздар кассадағы телефонға қалдырылған қарызды өтеп, ұялы байланыс құралын алып, із жасырған. Дәмханаға қайтып келген жәбірленуші болса, телефонын таппаған соң “102” телефон нөміріне хабарласып, тәртіп сақшыларын шақыртқан.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті өз үйінде ұсталды. Одан айғақ зат ретінде қымбат телефон тәркіленді. Белгілі болғандай, облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін жауапқа талтылған. Осы жолы әйел азаматтың үстінен ҚР ҚК 177, яғни “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp