Мәкен ҚАЛИҰЛЫ,
зейнеткер.
Мен-дағы өткенімін бүгінгі елдің,
Бір мектеп салу
үшін жүгіргенімін,
Аяулы ауылымда алшаң басып,
Ұядай мектебінде білім бердім.
Басшысы бастауыштың
болған кезде,
Жұлдызы шәкірттердің
жанған лезде.
Одан соң тарихтан
сабақ бердім,
Біршама кемелденіп
толған кезде.
Басшылық қызметті
де атқарғанмын,
Мектептің табысына
мақтанғанмын.
Жарқырап жаңа
мектеп салыныпты,
Халқына Айтуардың
бақ қонған күн.
Ұшырдым талай-талай
түлектерді,
Ақтаған артқан
сенім-тілектерді.
Білімнің шаңырағы
құтты болсын,
Қуанышқа бөлеген жүректерді!
Петропавл қаласы.