«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы “Нұр Отан” партиясының XV съезінде сөйлеген сөзінде біздің мемлекет әлемдегі ең дамыған 30 елдің бірі болуға тиіс екендігін тілге тиек ете отыра, осы мақсатқа жеткізетін бағыт-бағдарды айқындап берді. Маңызды идеялар арқасында алыс болашаққа көз тігіп, алдымызға биік межелер белгіледі. Ендігі кезекте партия съезінде қабылданған Саяси доктринаға сүйене отыра, алға қойған жоспарлы жұмыстарға құлшына кірісіп, сапалы еңбек ету керек. Бұл – барша азаматтың парызы. Алға ұмтыла білсек қана “Қазақстан – 2050” Стратегиясындағы биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. 

Мариям БАПАНОВА,

облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Бүгінгі таңда денсаулық саласы да заман талабына сай алға басып келеді. Ауруханалар, емханалар заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Дегенмен де қажет дәрігер мамандардың саны көңіл көншітпей тұр. Қазір облыс тұрғындарына 1420 дәрігер мен 5050 медицина қызметкерлері тиісті көмек көрсетіп отырса, бүгінгі таңда 224 ақ халаттының облысымызға керек екені анықталып отыр. Оның ішінде 142-сі – қала, 84-і елді мекендерге қажет. Атап өту керек, көбіне дәрігер-терапевт мамандары керек. Сондай-ақ “Жедел жәрдем” дәрігерлері, акушер-гинекологтер, лаборант-дәрігерлер, педиатр, невропатолог сияқты мамандар жетпейді. Біздің облысқа мамандарды тарту мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы жыл сайын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысады, үшжақты келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Нәтижесінде биылғы жылы облысымызға 104 жас маман жұмысқа келді. Олардың ішінен 45-і ауылды жерлерге жұмысқа орналасты. Облысымыздағы медициналық мекемелердің бюджеттен тыс қаражаты есебінен 26 студент білім алуда. Оқу аяқталған соң жас мамандар облысымызға келіп, жұмыс істейтін болады.

Мамандардың барлығы қажетіне қарай ведомстволық баспанамен қамтамасыз етіледі. Не болмаса тиімді басқа жақтары да қарастырылады.  

Елбасының “100 мектеп, 100 аурухана” мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің өңірде денсаулық саласының алты нысанын жүзеге асыру жоспарланған. 2008-2011 жылдар аралығында төрт нысанның құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. 2012 жылдан бастап облысымызда екі аудандық емхананың құрылысы басталды. Есіл ауданына қарасты Явленка ауылы және Аққайың ауданындағы Смирново ауылында жүргізіліп жатқан аталмыш емханалар бір ауысымда 250 адамды қабылдауға шақталған. Явленка ауылындағы емханадағы құрылыс жұмыстарын аяқтауға биылғы жылы қаржы толық көлемде бөлінген. Смирново ауылындағы емхананың пайдалануға берілуі 2014 жылға жоспарланып отыр.

“Денсаулық сақтау саласының 350 нысанын салу” бағдарламасы бойынша өңірде 2012 жылдан бастап екі аудандық емхана құрылысы жүзеге асуда. Бір ауысымда 250 адамды қабылдауға шақталған медициналық мекемелер Булаево қаласы және Шал ақын ауданына қарасты Сергеевка қаласында жүзеге асуда.

“Ең ұлы жолдың өзі шағын ғана қадамнан басталады”, – деді Елбасымыз съезде сөйлеген сөзінде. Олай болса ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін барлығымыз бірлесіп еңбек етіп, алға ұмтыла білу керек.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp