«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ФОТОКОНКУРС АЯҚТАЛДЫ, енді марафон басталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында “Улыбка” балалар қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қаламыздың кішкентай тұрғындарына арналған шара өтті. “Күз – күлкінің уақыты” атты фотоконкурс осыдан бір ай бұрын басталған болатын, енді сайыс аяқталып, жеңімпаздардың есімдері анықталды. 

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Барлығы отыз екі үміткер қатысқан конкурстың мақсаты – құлақ кемістігі бар балаларға көмектесу. Жаңа туған сәбилер мен он екі жастағы балалардың басын біріктірген аталмыш фотоконкурсқа өз қатарластарымен бірге, кембағал жандардың да қатысқанын атап өткен жөн. Жеңімпаздардың жұмысы үш жас аралығына бөлінді. Сонымен бір, үш жас аралығында бірінші орын Милослава Степанованың еншісінде. Төрт, алты жас аралығында Ксения Пушкалова жеңімпаз атанса, он екі жасқа дейінгі үлкен балалар арасында Гриша Гречкин жеңіс тұғырынан көрінді. Аталмыш іс-шараның өтуіне демеушілік жасаған “Бамбино” балалар аяқкиімі дүкенінің директоры Ирина Нюфтикова жеңімпаздарға дүкеннен тауар алуға сертификат табыс етті.  Сондай-ақ “Фея” сауықтыру орталығы және “Актив” ұялы байланыс жүйесінің өкілдері балаларға түрлі сыйлық тарту етіп, оларды қуанышқа бөледі. Жалпы бұл күні мерекеге келген әрбір балаға ойыншықпен бірге естелік суретке түсу мүмкіндігі берілді.

Құлақ кемістігі бар балаларға көмектесу мұнымен шектелмейді. 3 қарашадан бастап “Өмір сүру және есту” марафоны бастау алды. Және ең жақсы би билейтін балалар арасында да конкурс ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға мұрындық болушы Галина Бондаренконың айтуына сүйенер болсақ, осы аралықта жиналған қаражаттың арқасында сегіз жастағы Гриша Гречинге 190 мың теңгеге қажетті аппарат алынған. Ал Вячеслав Шевелев есімді балаға 215 мың теңге бөлініп, ата-анасы Бішкек қаласындағы мамандарға апарып, қажетті ем-дом алып келген. Марафон желтоқсан аяғында аяқталады. Одан түскен қаржыға құлақ кемістігі бар балалардың аппаратын тексеруге Санкт-Петербург қаласынан арнайы мамандар шақырылады. Бірінші рет ұйымдастырылып отырған маңызды кездесу сәті түссе, бұдан кейін де жалғасады деп күтілуде.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp