«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.11.2013

ӨҢІРДІҢ БАСТЫ БІЛІМ ОРДАСЫ білім берудің еуропалық сапа белгісіне ие

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де үш білім беру бағдарламасының “ASIIN” неміс агенттігінің аккредиттеуінен өтуіне орай брифинг өтті. Шараға білім ордасының ректоры, академик Оңдасын Әшімов пен өңірлік БАҚ өкілдері қатысты. Осынау игі жетістікті атап өтуге арналған шарада сөз алған Оңдасын Бәйкенұлы: – 2011 жылы университет “ASIIN” неміс агенттігіне үш білім беру бағдарламасы бойынша аккредиттеуден …

ӨҢІРДІҢ БАСТЫ БІЛІМ ОРДАСЫ білім берудің еуропалық сапа белгісіне ие Read More »

ӨҢІРДІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Үкіметтің 11 қазанда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев индустрияландырудың алғашқы бесжылдығының табыспен аяқталғанын атай отырып, алайда көптеген жобалардың тоқырауға ұшырағандығын сынаған болатын. Енді осы жұмысты Елбасының өзі бақылауға алмақ. Соған орай өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталғалы отырмын. Марат ЫСҚАҚОВ, облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы. Облыста индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында инвестиция көлемі 40 млрд. …

ӨҢІРДІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ Read More »

КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАУ мен ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕ ТҮСУДЕ

Үстіміздегі жылғы 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қабылданған бағдарламалардың орындалу барысына тоқтала келіп, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау мен қолдауды күшейту мәселесіне ерекше назар аударды. Әсіресе, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясындағы несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін жәрдемқар-жыландыру жұмыстарын жүргізуге байланысты бірқатар облыстарды сынға алды. Осы мәселенің өңірімізде қалай жүзеге асып жатқанын білмек …

КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАУ мен ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕ ТҮСУДЕ Read More »

1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ НЕСИЕ АЛУҒА 100 мың теңге шығындапты …

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Жуырда Тайынша қаласына іссапармен барғанымызда ауданның бір тұрғыны біздің “Солтүстік Қазақстан” газетінің қызметкерлері екенімізді естіп, өзінің ойын басылым бетінде көргісі келетінін жеткізді. Таныса келе, оның Большой Изюм ауылының тұрғыны Жәнібек Сәдуақасов екенін білдік.   Ол былтырдан бастап мал өсірумен айналысуды ұйғарғанын айтты. Осы мақсатпен “Ауыл шаруашылығын қолдау қоры” АҚ арқылы несие …

1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ НЕСИЕ АЛУҒА 100 мың теңге шығындапты … Read More »

ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕС

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің идеологиялық, аумақтық-ұйымдастыру және экономикалық бағыттар аясындағы тиімді жұмысын жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, олар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануы керектігін тағы да …

ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕС Read More »

Тағайындаулар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.

ӘН ӘЛДИЛЕГЕН ҒҰМЫР

Алдағы жылы қалалық ардагерлер халық хорының құрылғанына 30 жыл толады. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Иван Мищенко жетекшілік ететін ұжым репертуарында классикалық шығармалар, соғыс жылдарының патриоттық әндері, орыс, қазақ және украин халық әндері бар. Отансүйгіштік тәрбие беретін және көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын хор қалада зор қошеметке ие. Онда әнді сүйген, ұжымдық өнерге бейім жандар …

ӘН ӘЛДИЛЕГЕН ҒҰМЫР Read More »

КӨКШЕ КӨРЕРМЕНДЕРІНІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртістері 22-26 қазан аралығында Көкшетауда гастрольдік сапармен болып қайтты. Осыған орай біз театрдың директоры Қуандық Қасымовты әңгімеге тартқан едік. – Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының қай салада болсын байланыстары ежелден берік қой. Біздің театрдың гастролі соның тағы бір айғағы емес пе? – Еліміздегі бізбен ең жақын, ең тілеулес …

КӨКШЕ КӨРЕРМЕНДЕРІНІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ Read More »

САХНАДА – “СИҚЫРЛЫ КӘМПИТ”

Облыстық қуыршақ театры бүлдіршіндерді тағы бір жаңа қойылымымен қуантты. Осы жолы театр көрермендері В. Орловтың “Сиқырлы кәмпит” атты сазды ертегісін тамашалады. Спектакль нағыз дос қандай болуы тиіс деген тақырыпты тарқатты. Егер сен адал дос бола білсең, онда қасыңнан әрдайым мейірімді жандар табылады. Дос үшін ең қорқақ деген адам – қайсар, әлсіз күштіге айналып, қиын сәтте …

САХНАДА – “СИҚЫРЛЫ КӘМПИТ” Read More »

НЕБІР ӘНДЕРДІ НОТАҒА ТҮСІРГЕН оның өлшеусіз еңбегі төл өнерімізді байыта түсті

Қаладағы мерекелер үрлемелі оркестрсіз өтпейді. Оның сазы бойға қуат беріп, адамға қанат бітіретіндей өршіл. Демалыс бағында үрлемелі оркестр ойнаған кезде кімді болсын бір серпілтіп, жастық шақтың жалынды кезі еске түскендей болады. Ал бірақ осы өнердің бастауында тұрған жерлестерімізді біле бермейміз. Осы күнге дейін оның қалыптасып, одан әрі дамуына зор үлес қосып жүрген өнерпаз жандардың бірі …

НЕБІР ӘНДЕРДІ НОТАҒА ТҮСІРГЕН оның өлшеусіз еңбегі төл өнерімізді байыта түсті Read More »

ОТТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР АЗАЯР ЕМЕС

Жыл басынан бері облыста 554 өрт болып, одан 303 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 44 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 10-ы – бала. 43 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Қолайсыз ауа райымен есте қалған өткен аптада он бестен астам өрт болды. Әрине, күннің суытуына орай үй иелерінің өз баспанасын жылытуға деген ұмтылысы …

ОТТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР АЗАЯР ЕМЕС Read More »

АНАСЫН ӨЛТІРІП, БАҚШАҒА КӨМІП ТАСТАҒАН жігіт тұтқындалды

Петропавлда ер адам өз анасын өлтіріп, мүрдесін үй маңындағы бақшаға жасырған. Тұрақты мекенжайы жоқ әйелді ешкім іздей қоймапты, екі айдан кейін оның сүйегі табылғанда ғана полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Із-түзсіз жоғалған 48 жастағы әйелдің ғайып болғанын ешкім байқамаған. Көкек ананың балаларын мемлекет бағып, қақты. Өзі болса осы күнге дейін қаңғырып, күн кешіп келген. Қазан айының …

АНАСЫН ӨЛТІРІП, БАҚШАҒА КӨМІП ТАСТАҒАН жігіт тұтқындалды Read More »

ҚАБАН АТҚАН БРАКОНЬЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

“Браконьер” жедел-алдын алу шарасының барысында Согров мемлекеттік қорығының қызметкерлері мен Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Долматово ауылының жабайы қабанды атып алған 28 жастағы тұрғынын ұстады.   Сезікті жануарды кешкі уақытта атып алған. Кейін орман ішінде мүшелеп, қаптарға бөліп салып қойған. Алайда, арам ойын жүзеге асыруға үлгермеді. Қылмыс үстінде ұсталған жігіт енді 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде …

ҚАБАН АТҚАН БРАКОНЬЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Read More »

“КӘРІ ҚҰДАНЫ” ҚАРСЫ АЛУҒА ӘЗІРЛІК БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Қауіпті кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шараларын өткізуге қатысатын бөлімшелердің техникасы мен жеке құрамын тексеру мақсатында Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 28 техника бірлігі және елуге тарта жеке құрамы бар аудандық шұғыл әрекет ету жасағы сапқа тұрғызылды. Белгіленген уақытта ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарында құрылған жоғары әзірліктегі құрылымдарының бөлімшелері мен техникасы сап түзеді. Аталған шара …

“КӘРІ ҚҰДАНЫ” ҚАРСЫ АЛУҒА ӘЗІРЛІК БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ Read More »

“ӨҢІР БЕРЕКЕСІ” ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

2013 жылғы 9 қарашада Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев көшесінде (К.Сүтішевтен Абай көшесіне дейін) барлық аудандардың және облыс орталығының қатысуымен “Өңір берекесі” атты ауыл шаруашылығының күзгі қорытынды жәрмеңкесі өтеді. Аталмыш шара аясында: ауыл шаруашылығы өнімдерінің, картоп пен көкөністердің,

ЗЕКЕТ ТУРАЛЫ БӨЛЕ-ЖАРА АЙТЫЛДЫ

Зекет ислам дінінің басты бес парызының бірі болғанымен, оның халық арасындағы насихатталуы әлі күнге дейін өз деңгейінде жүйелі түрде жүргізілмей келгені белгілі. Осыған байланысты жуырда “Қызылжар” орталық мешіті бас имамының міндетін уақытша атқарушы А.Алыпқашев, наиб имам Р.Қайыргелді және “Зекет” қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Н. Жұмабаев іс-сапармен Тайынша ауданына барып, діни қызметкерлермен, аудан кәсіпкерлерімен, …

ЗЕКЕТ ТУРАЛЫ БӨЛЕ-ЖАРА АЙТЫЛДЫ Read More »

20 ЖІГІТ ТЖМ ӘСКЕРІНЕ АЛЫНДЫ

Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментте әскер қатарына шақырылғандар облыстық ТЖ департаментінің, ҚР ТЖ министрлігінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің өкілдерімен кездесті.  Нұрым ОМАРОВ,   облыстық ТЖ департаменті әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыс бөлімінің бастығы. ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімінің 1-ші құтқару батальонының командирі, майор Мейрамбек Батырқұлов жастарға әскери өмір, құрылымдар тарихы, олардың табиғи және техногендік төтенше жағдайларды …

20 ЖІГІТ ТЖМ ӘСКЕРІНЕ АЛЫНДЫ Read More »

АЛҒАШҚЫ АЛТЫЛЫҚҚА ЕНДІ

Қазан айының аяғында Талдықорған қаласында көркем гимнастикадан көпсайыстың жекелеген түрлері бойынша ел чемпионаты өтіп, онда шеберлік сынағына түскен 250 спортшының ішінде біздің жерлестеріміз де болды. Өңір гимнасшылары топтаса жүріп шығыр-шеңбермен өнер көрсеткенде – үшінші, ал жұмыр таяқшамен сынға түскенде төртінші орындарға қол жеткізді. Бұл сынақтарда олар Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облыстарының құрамаларынан кейін қалып …

АЛҒАШҚЫ АЛТЫЛЫҚҚА ЕНДІ Read More »

РАЙЫМБЕК – “ЖАС БАРЫСТЫҢ” ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қазақ күресінен өңіріміздегі танымал бапкерлердің бірі – Төлеген Жетпісбаевтің шәкірті Райымбек Алпысов 2-3 қараша күндері Қызылорда қаласында өткен “Жас барыс” жарысында облыс намысын қорғап, қола алқаны олжалап оралды. Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 мектепте тоғызыншы сыныпта білім алып жүрген Райымбек қазақ күресімен өзі туып-өскен Айыртау ауданындағы Қарақамыс ауылында айналыса бастапты. Қызылордадағы …

РАЙЫМБЕК – “ЖАС БАРЫСТЫҢ” ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ Read More »

ТӨРТ ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ БАҒЫ ЖАНДЫ

Газетімізде бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2013 жылғы 31 қазанда “Бокс” мектебінің залында кикбоксшылар Қазақстан Республикасының кубогы үшін жарысқа түскен еді.Жеңімпаздар жексенбі күні анықталып, жарыс жалауы түсірілді. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Жеңіске ие болғандар фулконтакт бойынша мыналар: 51 кг. Нұрділда Ералиев (Тараз), 54 кг. Данияр Әділхан (ОҚО), 57 кг. Бауыржан Құдайбергенов (Семей), 60 кг. Ерғали Алтыбаев (ОҚО), …

ТӨРТ ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ БАҒЫ ЖАНДЫ Read More »