• Оның уақтылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала сабақта қалғып-мүлгіп зорға отырады.
• Мектеп туралы жаман айтпаңыз. Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.
• Бала тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына Сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
• Өзіңіз де оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
• Компьютерлік ойын ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
• Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала Сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе, сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз, ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
• Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің Сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.
• Мектепте балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.
• Кейде бала мектептегі жағымсыз жағдайларды жүрегіне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әр кез оған ненің маңызды, ненің онша маңызсыз екенін үйретіңіз.
• Балаңызға ұрыссаңыз, “сен әрқашан”, “сен мүлдем”, “әр кез сен” деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде Сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.
• Әдетте бала жаман қылық іс-тегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал Сіз оны жазалағанда оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.
Ақсәулеш ОРАЗБАЕВА,
қазақ мектеп-гимназиясының психологі.
Петропавл қаласы.