Облыстық қуыршақ театры бүлдіршіндерді тағы бір жаңа қойылымымен қуантты. Осы жолы театр көрермендері В. Орловтың “Сиқырлы кәмпит” атты сазды ертегісін тамашалады. Спектакль нағыз дос қандай болуы тиіс деген тақырыпты тарқатты. Егер сен адал дос бола білсең, онда қасыңнан әрдайым мейірімді жандар табылады. Дос үшін ең қорқақ деген адам – қайсар, әлсіз күштіге айналып, қиын сәтте қол ұшын беруге дайын тұрады.
Балалар қойылымнан осындай ой түйіндеді. Фототілшіміз Амангелді Бекмұратовтың мына суреттерінде спектакльден көріністер бейнеленген. ҚР Мәдениет қайраткері Н. Гузеева сахналаған қойылым театр актерлері С. Мәпеновтің, Н. Исакованың, Е. Мишаченко мен А. Васильевтің орындауында әсерлі шықты.