«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ӨРЛЕУМЕН” ӨРЕМІЗ ӨСУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біздің облысымызда “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының филиалы ашылғанына бір жыл толды. 

Мен осы “Өрлеуге” Шал ақын ауданындағы Социал ауылынан өз біліктілігімді арттыру үшін келіп отырмын. Технология пәні мұғалімдеріне арналған курс “Сәндік-қолданбалы элементтер негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу” тақырыбында өтуде. Курсқа жан-жақтағы аудан-ауылдардан жиналдық. Курс жетекшіміз Бақытжан Теміров – аға оқытушы, білікті, білімді маман. Жаңа бағдарлама бойынша сабақтар сапалы ұйымдастырылған. “Дөңгелек үстел”, тренинг сабақтар оқытушылардың өресін көтеру үшін жақсы қойылған. Бізді оқытуда интерактивті және ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. Кәсіптік шеберлікті сапалы арттыру ауылдық және шалғай аудандардан келген мұғалімдердің қолжетімділігінің теңсіздігін жоюға мүмкіндік береді. Қажет материалдарды алып кетуге аға оқытушылар мен кітапхана көп көмек көрсетуде. Технология пәні бойынша 2013-2014 оқу жылының бағдарламасы өзгеріске түсіп отыр. Сол жағдайға қатысты жетекшіміз Бақытжан Қалимурдинұлының басшылығымен бағдарлама жоспарын ортаға салып, бір мәмілеге келтіріп алдық.

Қандай да бір қиындықтар туындай қалса, әріптестерімізбен бірге аға оқытушылардың көмегімен шешудеміз. Іс-тәжірибемен алмасудамыз. Курс соңында ғылыми жобалар мен сабақ үлгілерін қорғамақпыз. Жаңашыл, маңызды құжаттар ала кетуді жоспарлап отырмын. “Өрлеу” орталығы біліктілікті арттыруға жылдан-жылға шақырып, әр мұғалім жаңа-шыл идеяны күнделікті ұсынып отырса екен деймін.

Тайжан ОНАЙБЕКОВ,  

Социал негізгі мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Шал ақын ауданы. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp