2013 жылғы 9 қарашада Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев көшесінде (К.Сүтішевтен Абай көшесіне дейін) барлық аудандардың және облыс орталығының қатысуымен “Өңір берекесі” атты ауыл шаруашылығының күзгі қорытынды жәрмеңкесі өтеді.
Аталмыш шара аясында:
ауыл шаруашылығы өнімдерінің,
картоп пен көкөністердің,
жемазықтардың,
балық өнімдерінің,
ұқсату кәсіпорындары өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Шараның өткізілу мерзімі: 9.00-ден 16.00 сағатқа дейін.
Барлық өнімдердің бағасы нарықтағыдан 10-20 пайызға төмен болады.
Сапалы сауда-саттықты қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 891 тоннадан асатын азық-түлік өнімдері мен малдарға арналған жем-азықтың 50-ден астам атауын өткізу жоспарлануда, оның ішінде:
– ет – 16 тонна;
– шұжық өнімдері – 7 тонна;
– сүт өнімдері – 12 тонна;
– ұн – 17 тонна;
– макарон, нан-тоқаш және кондитер өнімдері – 4 тонна;
– бал және омарташылық өнімдері – 9 тонна;
– картоп пен көкөністер – 168 тонна;
– балық – 6 тонна;
– басқа азық-түліктер – 27 тонна;
– мал азығы дақылдары – 300 тонна;
– шөп, сабан – 325 тонна.
Азық-түлік тауарларын сату үшін 60 сауда шатыры орнатылатын болады.
Оның 40-ы ет және сүт өнімдерін сатуға бөлінеді – әрбір ауданға 3 шатырдан; 12 шатыр – өз өнімдерін сату үшін ұқсату кәсіпорындарына; 4 шатыр – жұмыртқа сатуға; 4 шатыр – балық өнімдерімен сауда жасауға.
Бұдан басқа жәрмеңкеге қаланың көтерме базарлары да қатысатын болады.
Облыстың шығармашылық ұжымдары жәрмеңкеде өздерінің мәдени бағдарламаларын ұсынады.
(Ресми ақпарат).