«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ АЛТЫЛЫҚҚА ЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазан айының аяғында Талдықорған қаласында көркем гимнастикадан көпсайыстың жекелеген түрлері бойынша ел чемпионаты өтіп, онда шеберлік сынағына түскен 250 спортшының ішінде біздің жерлестеріміз де болды.

Өңір гимнасшылары топтаса жүріп шығыр-шеңбермен өнер көрсеткенде – үшінші, ал жұмыр таяқшамен сынға түскенде төртінші орындарға қол жеткізді. Бұл сынақтарда олар Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облыстарының құрамаларынан кейін қалып қойды.

Біздің команда сапына облыстық құраманың бас бапкері Людмила Ленцикова мен жаттықтырушы Екатерина Блинова Гилана және Адель Тұяқоваларды, Карина Құрымбаеваны, Олесья Колышеваны, Дарья Медведеваны, Валерия Швецті қосқанды.

Жекелей есепте жарысқа қатысқан облыс құрамасының ең үздік гимнасшысы, ел құрамасының мүшесі, осы жарыс басталардан төрт күн бұрын ғана, 22 қазанда “Халықаралық дәрежедегі спорт шебері” атағын иеленген Виктория Переверзева шығыр-шеңбермен шыққанда төртінші орын алса, жұмыр таяқшамен және таспамен ойын көрсетуде – бесінші, доппен сынақта – алтыншы нәтиже көрсетті.

Облыстық Дене шықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp