«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР АЗАЯР ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 554 өрт болып, одан 303 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 44 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 10-ы – бала. 43 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Қолайсыз ауа райымен есте қалған өткен аптада он бестен астам өрт болды. Әрине, күннің суытуына орай үй иелерінің өз баспанасын жылытуға деген ұмтылысы түсінікті. Алайда, олардың бәрі бірдей өрт қауіпсіздігі ережесін сақтай бермеген сияқты…

Қазан айының соңғы күндері жеке тұрғын үйлерден шыққан өртпен есте қалғалы отыр. Олардың көпшілігі түн ортасында орын алған. Төтенше жағдайлардың нәтижесі де әртүрлі. Тайынша қаласындағы қора-қопсының төбесі өртенсе, Сергеевкада монша мен гаражды зақымдады. Қызылжар ауданындағы Кондратовка ауылында үйдің дәлізі жанып кетсе, Восход ауылының тұрғыны баспанасыз қалды. Мамлюткада – 2 автомобиль, Бескөлде “Мерседес-Бенц” “оттың құрбаны” болды. Соңғы көліктің жүргізушісі дене жарақатымен аудандық ауруханаға түссе, жедел жеткен өртсөндірушілер гараждағы “ГАЗель” автокөлігін аман алып қалды, 3 газ және 2 оттегі баллонын қауіпсіз жерге көшірді.

Қараша айының 1-2 күндері шыққан өрт Уәлиханов, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарға қарасты ауылдардағы 7,5 тонна шөп пен сабанды құртып жіберді.

Өкінішке қарай, бұл апта қайғылы жағдайсыз өткен жоқ. Ондай ТЖ Айыртау ауданындағы Бірлестік ауылында орын алды. 1 қараша күні түнгі сағат төртте 5 адам тұратын ағаш үйден өрт шыққан. От ошағын үй иесі байқап қалып, әйелі мен 15, 9 және 5 жасар үш қызын кезекпен қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Дегенмен, денесін күйік шалған 9 жасар қызы ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болған.

Тағы да айтарымыз: оттан сақ болыңыздар, өрт бола қалған жағдайда “102”, “112” телефондарына қоңырау шалыңыздар.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp