“Браконьер” жедел-алдын алу шарасының барысында Согров мемлекеттік қорығының қызметкерлері мен Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Долматово ауылының жабайы қабанды атып алған 28 жастағы тұрғынын ұстады.
Сезікті жануарды кешкі уақытта атып алған. Кейін орман ішінде мүшелеп, қаптарға бөліп салып қойған. Алайда, арам ойын жүзеге асыруға үлгермеді. Қылмыс үстінде ұсталған жігіт енді 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі немесе 45 тәулікке қамалуы мүмкін. Аңшысымақ тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін де жауапқа тартылады.
“Табиғатты қорғау заңнамасына байланысты азаматтар аңға шығуға рұқсат беретін құжаттарды аң шаруашылығы мекемелерінен алулары тиіс”, – деп хабарлады СҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы Табиғатты қорғау полициясының инспекторы Алмат Дүйсекин.
Облыс полицейлері рейдтің 2 күні ішінде табиғатты қорғау заңнамасына қатысты 112 заңбұзушылықты анықтаған. Соның 40-тан астамы – заңсыз аңшылық, 30-ы – тыйым салынған балық аулаумен айналысу, 4 жағдайда рұқсатсыз ағаш кесілген.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.