«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Жүйесіз жоба жұмысын тоқтатады”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
ОКҚ баспасөз мәжілісі кезінде Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеудің жаңа шарттары туралы айтып өтті.«Индустрияландыру картасының бірінші кезегіндегі бірқатар жобалары проблемалық болып табылады, олар Ақтау қаласындағы планшетниктер өндіру, Қарағанды қаласындағы ұшақ жасау жөніндегі және басқа жа жобалар. Біз Индустрияландыру картасына жоба іріктеу тәсілдерін қайта қарап, тәртіптерін өзгерттік. Экспортқа бейімделуішілік, еңбек өнімділігі, қосылған құнның жоғарылығы сияқты өлшемдерге баса назар аударылды, енді осыларды есепке ала отырып, 2012-2015-жылдары түскен жобалар жан-жақты сараптаудан өткізілетін болғандықтан, олардың саны да едәуір азаятын болады», – деді ҚР ИЖТМ басшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp