Энергетиктер үшін қыс маусымы – қиын және алаңдаушылық тудыратын кезең. Тап осы күзгі-қысқы кезеңде қуат беруші ұйым көбінесе электр желілерінің жабдықтарына салмақ артқан кезде кездейсоқ жағдайларға ұрынады. Мұндай желіге салмақ түсірудің тура зардабы электрмен жабдықтаудағы үзілістер болуы мүмкін, ол электр қуатын пайдаланушыларға айтарлықтай шығын әкеледі.
Кездейсоқ жағдайларға ұрынбас үшін “Солтүстік Қазақстан ТЭК” АҚ-ы мамандары бірнеше айдан бері компанияның электр желілері жабдықтарын жөндеу, қайта құру, жаңа құрылыс және жаңғырту жөніндегі шараларды уақтылы жүргізе отырып, қыс маусымына тыңғылықты дайындық жасауда.
“Электрмен жабдықтаудың барынша сенімділігін қамтамасыз ету, жабдықтарды, ғимараттарды пайдалануға беру дайындығы жағдайында күтіп ұстау, электр қуатының сапасын сақтау, негізгі қорларды қымбаттату және жабдықтардың қызмет мерзімін ұзарту мақсаттарында негізгі қорлардың жұмыс қабілеттілігі мен ресурсын қалпына келтіру жөнінде кешенді шаралар қарастырылған. 2013 жылы бізде сомасы 120 млн. теңгеден асатын негізгі және көмекші жабдықтардың жөндеу жұмыстары атқарылды. Орындалған күрделі жөндеу жұмыстары: жалпы ұзындығы 951 шақырым 220, 110, 35, 10, 0,4 кВ әуе желілері (ӘЖ); 35-220 және 10/0,4 кВ 94 трансформаторлық қосымша станциялар (ТС); 10-0,4 кВ кабельдік желілерінде (КЖ) 419 дана дәнекер және соңғы жалғастырғыштар қойылды. Сонымен бірге ұзындығы 196,43 шақырым 35. 10, 0,4 кВ әуе желілерінде (ӘЖ), сондай-ақ 35-220 және 10/0,4 кВ 91 трансформаторлық қосымша станцияларында ағымдағы жөндеу жүргізілді. Кәсіпорын алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын”, – дейді “Солтүстік Қазақстан тарату электр желілері компаниясы” АҚ-ның бас инженері Виталий Фесько.
Сол сияқты 2013 жылдың инвестициялық бағдарламасын аяқтау кезеңінде тұрған “Солтүстік Қазақстан ТЭК” АҚ-да 857,2 млн. теңге көлеміндегі ақшалай қаржы игеру жоспарланған.
“Бұл бағдарламалар қаржысына Петропавл қаласындағы №8 тарату пунктінің (ТП) жабдықтары мен ғимараты толық қайта құрылды, өз қызмет мерзімін өтеген 15 шақырым қалалық 10/0,4 кВ кабельдік желілерге (КЖ) ауыстыру жүргізілді, электр жабдықтарын ауыстыра және ғимаратына қайта құру жүргізе отырып, 10/0,4 кВ 10 трансформаторлық қосымша станциялар (ТС) жаңартылды, қала және облыс бойынша 36,5 шақырым 0,4-10 кВ әуе желісінің жалаңаш сымдарын СИП маркалы сымдарға (өзегі өзімен бірге оралған сым) ауыстыра отырып жаңғыртылды, қала және облыс бойынша ішінара 35-220 кВ 5 қосымша станцияның жабдықтары қайта құрылды, “Газораздатка” 35/10 кВ қосымша станциясының блоктық-модульдік ғимаратындағы 10 кВ – тарату қондырғысының жабдығына ауыстыру жүргізілді, 110 кВ әуе желісінде (ӘЖ) фарфор бөлектегішін шыныға ауыстыру және найзағай арқанын монтаждау жөніндегі жұмыс аяқталды, “Сергеевка” 110/35/10 кВ қосымша станциясында (ҚС) жоғары кернеулі өткізулерді ауыстыра отырып, 20 МВА трансформаторының күрделі жөндеуі орындалды, сондай-ақ кәсіпорын аумағындағы май шаруашылығында қайта жаңарту аяқталды және 10/0,4 кВ 6 сыртқа орнатылатын жиынтықты трансформаторлық қосымша станция алдық, – деп атап өтті акционерлік қоғамның президенті Александр Рейзлин.
Компания үшін, әрине, тұтынушылар үшін де АСКУЭ қондырғысының (электр қуатын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі) маңызы зор, оны қуат үнемі және қуат ресурстарын пайдалануды бақылау бағдарламасы аясында өндіріске енгізу жөніндегі шаралар кәсіпорында белсенділікпен жүргізілуде. Қазіргі уақытта оған 60 миллион теңгеден астам инвестиция сала отырып, жаңа, осызаманғы технологияны энергетиктер 15 жоғары деңгейдегі есеп орнына қойып та үлгерді, сол сияқты қаланың және облыстың 4 қосымша станцияларында (ҚС) ВЧ-байланысын жаңғырту жүргізілді. Барлығы 2148 есеп орнында сомасы 122 миллион теңгеге жуық тұрмыстық тұтыну АСКУЭ қондырғыларын қою жоспарлануда.
“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімі.