«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҚТАРЫ жұмыс сапасын арттырады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте аумақтық органның басқарма және бөлімдерінің мамандары әртүрлі саладан қажетті білім алатын сабақтар бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ. Үстіміздегі жылы кәсіби дайындық жоспарына сәйкес бөлімшелердің қызметіне қатысты заңнама мен заңға бағынысты актілердің негізгі ережелерін, ведомствоның бұйрықтары мен нормативтік құжаттары талаптарын, бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мекемелердің жұмысының ерекшелігі баяндалған 8 сабақ өткізілді. Сабақтар мультимедиалық ілеспені пайдалана отырып, интерактивтік түрде жүргізілді және қызықты да қолжетімді болды. Сабаққа қатысушылар қойған сұрақтарына толық және сапалы жауап алды. Оқу жылының соңына дейін СҚО ТЖД мамандары жұмысты талдау және жоспарлаумен қамтамасыз ету, ТЖ кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсету, басқа да жалпытеориялық және арнайы дайындық тақырыптары бойынша оқитын болады. Бұл департаменттің офицерлік және мемлекеттік қызметшілері құрамының жұмысының сапасынан, тұрғындарды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қорғауды сапалы қамтамасыз етуде көрініс табары анық.

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp