«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛБАСШЫ СҚМУ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Зымыран әскері мен артиллериясының қолбасшысы, полковник Лұт Әлшекенов М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттерімен кездесті. 

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Шара барысында Лұт Сапуұлы ЖОО-ның әскери кафедрасында оқып жүрген студенттерге келісімшарт бойынша әскери қызмет туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қолбасшы әскерді жоғары оқу орындары әскери кафедраларын бітірген запастағы офицерлермен жинақтау мәселесін тілге тиек етті. “Келісімшарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу келешегін беретін, әскери қызметшінің өзінің, оның отбасының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс. Келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтетін әскери қызметшілер мемлекеттің қорғауында болады және оның өзі мен отбасы мүшелеріне деген қамқорлығын сезінеді. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер лайықты еңбекақы мен әлеуметтік пакетті иеленеді. Сонымен қатар, әскер тарапынан отбасылы келісімшартшыларға тұрғын үйді жалға алу үшін мақсатты өтемақы төлеу көзделген”, – деген қолбасшы әскери қызметшілер темір жол, әуе, су және автомобиль көліктерінде мемлекет есебінен жүру құқығына ие екендігін атап жеткізді.

Қызықты өткен кездесуде әскери кафедра түлектерінің келісімшарт қызметі бойынша офицер лауазымына тағайындалуы жөнінде қолбасшы толық мағлұмат берді. Сондай-ақ болашақ әскери мамандарға Қазақстан Республикасының “Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” жаңа Заңының ережелері түсіндірілді.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp