«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТЕКСЕРІСТЕРІ өртсөндірушілерге жұрт риза екенін көрсетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арслан ХҰСАЙЫНОВ,

облыстық ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы.

СҚО ТЖ департаментінің Қоғамдық кеңесі облыс орталығындағы нысандарда өрттехникалық тексеру кезінде облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау қызметінің лауазымдық тұлғаларының жұмысын тексеру туралы бастама көтерді.

Тексеру нысандарының тізіміне әртүрлі 20 кәсіпорын мен ұйым кірді. Мемлекеттік өрт бақылау офицерлері екінші жартыжылдықта олардың өртке қарсы нормалар мен ережелерге сәйкестігін тексерген болатын. Енді, міне, олардың соңынан Қоғамдық кеңес мүшелері аттанды. “Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығы” ААҚ өкілі Жеңіс Қазиев және “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Арман Бердағұлов бірнеше нысанның басшыларына кіріп шықты. Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері жүргізген тексеру сапасына, тексерудің ашықтығына, заң жүзінде тазалығына және жариялылығына көңіл бөлді. Басшылармен әңгімелесе отырып, олар қазіргі уақытта Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша мақсатты, жүйелі шаралар қабылданып жатқанын, осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерін жоюға бағытталған кешенді алдын алу жұмыстары жүзеге асырылатынын атап көрсетті. Осындай тексерістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің бірі болып табылады.

Басшыларға сауалнама парақтарын толтыру ұсынылды. Онда мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өртке қарсы талаптарын орындау және сақтауды бақылау бойынша әрекетіне өзінің көзқарасын көрсетуге, ТЖД қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне баға беруге, өзінің наразылығын көрсетуге мүмкіндік берілді. Атап өтерлігі, ТЖ департаменті мамандарының атына жазғыру болған жоқ, олардың жұмыс сапасына, кәсіби этикасына нысандардың басшылары мен қызметшілері разы болды.

Жұртшылықпен өзара қарым-қатынас және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде департаменттің ресми сайтында “Заңнамалық актілер” блогы орналастырылған. Онда өрт қауіпсіздігі саласының нормативтік-құқықтық актілерін, сонымен қатар 2013 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған тексеру жоспарын табуға болады. Нормативтік база ҚР ТЖ министрлігі сайтында орналастырылған. Сондай-ақ Қоғамдық кеңестің ұсынысы бойынша облыстық ТЖ департаментінде әр жұма сайын “Халыққа кеңес беру күндері” белгіленген. Сенім телефондары жұмыс істейді. Жеке кесте бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp