2013 жылғы қыркүйек айында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 76 355 теңгені құрап, 2012 жылғы қыркүйек айымен салыстырғанда 7,8%-ға ұлғайды, нақты көріністе 2,4%-ға өсті.
Жалақының ең көп мөлшері қаржы және сақтандыру қызметі кәсіпорындарында (109 515 теңге), көлік және қоймалау (101 971 теңге) белгіленіп, орташа облыстық көрсеткіштен 1,4 және 1,3 есе жоғары болды.
Білім (60 882 теңге), өнер, ойын-сауық және демалыс (47 476 теңге) салалары қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысы барынша төмен болып, орташа облыстық көрсеткіштен 20,3%-ға және 37,8%-ға кем болды.