«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 жылдың соңына дейiн 7 iрi жоба iске қосылады.

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл жөнiнде ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз маслихаты кезінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлiмдеді. Атап өту керек, 11 қазан күні Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жобасына қатысты Үкімет мүшелеріне нақты тапсырма жүктеген болатын. Әсет Исекешов осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасына тоқталып өтті. Оның айтуынша, «2013 жылы бiз Индустрияландыру картасына шамамен 500 млрд. теңгенi құрайтын 140 жобаны енгiзудi жоспарлаған едік. Нәтижесiнде 13 мың тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Үкiметтiң бақылауындағы жобалардың маңызы зор. Осы жылдың желтоқсан айында Индустрияландыру картасының 7 iрi жобасы iске қосылады», – дедi вице-премьер. Сондай-ақ, биыл 6 жобаның құрылысы басталады. «Олардың қатарында Атырау облысындағы газ-химия кешенi, Жамбыл облысындағы еуро химиялық тыңайтқыш зауыты, Өскемендегi көлік зауыты бар. Барлық жобалар бойынша осы жылы 1,5 трлн теңгенi құрайтын инвестиция тартылады деп күтудемiз», – деп атап өтті Әсет Исекешев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp